Душевной не ведая драмы, лишь те могут жить и любить, кто прежние раны и шрамы умел не чесать, а забыть. И. Губерман
Кабельное телевидение: подключение, обслуживание
«АГЕНТСТВО «НЕЗАВИСИМАЯ ОЦЕНКА НЕДВИЖИМОСТИ В УСТЬ-КАМЕНОГОРСКЕ» Оценка имущества
Отау тв телефон в усть каменогорске
Акция. Подключи ОТАУ ТВ Т2 по супер цене от 12 999 тенге и ОТАУ ТВ S2 от 27 999 тенге. Спешите сроки акции ограничены. Справки по телефонам: офис +7(727) 250-55-75, моб/w hatsApp +7 707 250-55-75
Авторизованный дилер АО»Казтелерадио»
Наименование дилера : ТОО»Алматы Маркет»
Список дилеров на сайте АО «Казтелерадио» в разделе Отау ТВ дилеры и Отау ТВ телефон операторов: (http://otautv.kz/s2/#vequipment)
Сфера деятельности:
1. Сервис, продажа и установка спутникового и эфирного оборудования;
2. Реализация карт для подключения платных каналов;
Адрес: г.Алматы, ул.Гоголя 89, офис 323
Телефон Отау ТВ контакты :
8(727)2505575
87072505575
Заявки по телефону Алматы и Алматинской области +7 (727) 250-55-75 +7 (707) 250-55-75
Работаем ежедневно с 9:00 до 21:00 Работы по установке, настройке сигнала, сервисное обслуживание с выездом в светлое время суток.
Отау тв телефон в усть каменогорске
66-тан астам отандық арна
Бейне мен дыбыстың цифрлық сапасы
Қазақстан аймақтарында қолжетімді
ТЕЛЕАРНАЛАРДЫҢ АҚЫЛЫ ТОПТАМАСЫН
TV Com компаниясы ұсынады
«QAZAQSTAN» Ұлттық телеарнасы республикалық «Қазақстан» телерадиокорпорациясы АҚ құрамына кіреді. Отандық телевизияның алғашқы қарлығашы ретінде 1958 жылы ірге көтерген телеарна алғашында 5 сағаттық хабар тарата бастаған. Техникалық әлеуеті жыл сайын ұлғайған телеарна 1987 жылы телетаратылым бойынша одақтас республикалардың арасында төртінші, көркем және деректі фильмдер өндірісі бойынша екінші орынды иеленді.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақаласындағы тапсырмаға сәйкес 2013 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстандағы тұңғыш мемлекеттік спорттық телеарна «Qazsport» хабар тарата бастады.
Телеарна «QAZAQSTAN», «Balapan» және 14 аймақтық телеарналарды топтастырған «QAZAQSTAN» РТРК» АҚ құрамына енеді.
«Qazsport» телеарнасын «OTAU TV» ұлттық жерсеріктік телерадиохабар тарату желісі мен кабелъдік жүйеде хабар тарататын операторлар арқылы көруге болады.
Телекөрсетілімдер қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Жалпы хабарлардың 20 пайызын жаңалықтар мен бағдарламалар ал, 10 пайызын деректі фильмдер құрайды.
«Qazsport» телеарнасында қазақстандық жанкүйерлер Ұлттық құрама командалар қатысатын құрлықтық және әлемдік деңгейдегі жарыстарды, ел біріншіліктерін тікелей эфирде көре алады. Телеарна тәулігіне 20 сағат хабар таратадыQ
«Qazsport» телеарнасының шығармашылық ұжымында өз ісінің білікті мамандары қызмет атқарады. Олардың арасында Қазақстанның ең үздік спорт журналистеріне берілетін Сейдахмет Бердіқұлов атындағы жүлденің иегерлері бар.
«Хабар» Агенттігі» АҚ-ның тарихы 1995 жылдан басталады. Сол кездегі Қазақ телеарнасының ақпараттық қызметі негізінде «Хабар» Ұлттық Телевизиялық Ақпараттық Агенттігі құрылады. Бүгінгі таңда «Хабар» Агенттігі» АҚ – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде хабар тарататын төрт арнаның тоғысқан орталығы. «Хабар» Агенттігі» АҚ-ның құрамына республикалық «Хабар» мен «24 kz» телеарналары, ұлттық жерсерік (спутниктік) телеарнасы – «Kazakh TV», сонымен қатар кабельдік желілерде ағартушылық бағыттағы бағдарламаларды эфирге шығаратын «Білім және Мәдениет» телеарнасы кіреді. ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті – агенттіктің басты акционері. Директорлар кеңесі 7 адамнан құралған, оның үшеуі тәуелсіз директор. Басқарма атқарушы ұйым болып табылады. Агенттік құрамына кіретін телеарналардың тәуліктік хабар тарату көлемі: «Хабар» – 20 сағат, «Kazakh TV» – 24 сағат, «24 KZ» – 24 сағат, «Бiлiм және Мәдениет» – 18 сағат. Қазақстан бойынша 99 % телекөрермендер аудиториясын қамтиды.
«31 арна» — Қазақстандағы ең табысты және танымал телекомпаниялардың бірі. Бүгінгі күні «31 арна» жайғана пікірлестер ұжымының арнасы емес, қызықты және сапалы бағдарламаларды шығару жөніндегі тұтас өндіріс. Арна командасы еліктіргіш, ойын-сауық және қайырымды шараларды құра отырып әрдайым шығармашылық ізденісте болады.
«Хабар 24» телеарнасы – Қазақстандағы ақпараттық арналардың ішінде аймақтық және халықаралық тілшілер қосынының көптігімен ерекшеленеді. Сонымен қатар бағдарламалары 100 пайыз отандық өндіріушілердің жобасы болып табылады. Олардың арасында ақпараттық-танымдық және сараптамалықтары бар. Телеарна аудиториясын 25 жастан асқан көрермендер құрайды. «Хабар» агенттігі «Хабар 24» арнасымен бірге «Euronews Network-тің» серіктесі болып табылады. Бұл жаңалықтар контентімен алмасуға және еуропалық әріптестермен шеберлік сыныбын өтуге мүмкіндік береді.
«Астана» телеарнасының негізгі тақырыптық бағыты — Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және мәдени тұрмысын, ақпараттық-аналитикалық, танымдық және ойын-сауық телехабарлар өндірісін баяндау болып табылады.
«7 канал» — бүгінде еліміздің ең ауқымды аудиториясына бағытталған, жалпыға қолжетімді республикалық ақпараттық ойын-сауық бағыттағы арна ретінде қалыптасуда. Бүгінде Қазақстанның медиа-нарығында өз орнын сенімді алып отырған, айқын ұстанымы мен хабар тарату стратегиясы, өз өндірісінің жобалары мен үлгі болатын контентін иеленген, екпінді дамып келе жатқан жаңа арна.
KAZAKH TV –Қазақстан Республикасының алғашқы ұлттық спутниктік телевизиялық арнасы.
KAZAKH TV өзінің алғашқы көрсетілімін 2002 жылдың 25 қазаны күні «Caspionet» атауымен бастады. 2016 жылдың қазанында «Kazakh TV» және «Білім және Мәдениет» арналары біріккен соң, телеарна қызметін KAZAKH TV атауыменжалғастырды.
Бүгінгі күні KAZAKH TV – Қазақстанның мәдениеті, тарихы, дәстүрі мен заманауи шындығы туралы имидждік іскерлік арна. Бұл Еуропа мен Азияның тоғысқан жерінде орналасқан, жаһандық Қазақстанды танытатын телеарна.
Жаңа телемаусымда KAZAKH TV арнасы жаңа графикалық безендірілулер және біркелкі контенттік базасымен республикалық және халықаралық таралымда эфирге шығады. Республика көлемінде қазақ және орыс тілдерінде 18 сағат бойы хабар таратады. Сигналтарату «Отау ТВ» ұлттық спутиниктік телевизия жүйесінің көмегімен жүзеге асады. Халықаралық көрсетілім HotBird 13B, Galaxy 19 және AsiaSat 5 спутниктік платформасының көмегімен қазақ және ағылшын тілдерінде тәулік бойы эфирге шығады. Арнаныңықтимал аудиториясы 5,1 млрд адам, әлемнің 118 мемлекетіне тарайды. Олардың арасында Солтүстік және Орталық Америка, Батыс және Шығыс Еуропа, Австралия және Океания, Солтүстік Африка, Таяу Шығыс, Азия және Оңтүстік Кавказ елдері бар.
Телеарнада мемлекеттік ең басты мәдени және қоғамдық өмірі көрсетіледі. Контенті экономика, туризм, мәдениет, тарих және басқа салаларға байланысты жобалармен толықтырылады.
«Евразия» бірінші арнасын қазақстандық медианарықтағы ең танымал арна десек, артық айтпаған болар едік. «Бірінші» деңгейлі дәрежесін тек рейтингтер ғана растап қоймайды. Арнада ұдайы отандық телеарнада теңдесі жоқ жаңа төл жобалар іске қосылып отырады. Әрбір маусым сайын қазақстандық контент көлемі қарқынды түрде артып келеді. Нәтижесі ретінде — телеарнаны жоғары рейтингтік көрсеткіштермен қазақстандық телекөрермендер көңілінен шығатын отандық телевизиялық өнімдерді қамтамасыз етуде.
«Мир» телеарнасы тұжырымдамасының негізінде адам құқығы мен еркіндігінің басымдылық идеясы бар. Компанияның хабар тарату саясаты «Мир» ХТРК құрылтайшы елдерінің аумағында тұратын халықтар – көпшілік аудиториясының ақпараттық қажеттіліктері мен рухани сұранысын қанағаттандыруға бағытталады. Телеарна хабар тарату барысында реформистік тәсілді қолданып, бағалардың және қорытындылармен ұсынымдардың сындарлы болуын көздейді. Біздің мақсатымыз – Достастық елдерінің халықтары арасындағы жан-жақты қарым-қатынасты қалпына келтіруге және нығайтуға көмектесу, сондай-ақ тартысты жағдайларда өзара келісімге келіп, түсіністік орнатуға ықпал ету.
«НТК» — Қазақстан Республикасының барлық қалалары мен аймақтық орталықтарында 21-сағаттық хабар тарататын алғашқы ойын-сауық арна. Арнаның негізгі бағдарламалық стратегиясы әзіл ойын-сауық және танымдық хабарлар болып табылады. «НТК» — белсенді өмірлік көзқарастағы жастарға, сондай-ақ өзінің бос уақытын бағалай білетін және ыңғайлы өткізуге тырысатын адамдарға арналған айқын, серпінді дамып келе жатқан ойын-сауық арна.
«СТВ» — барлық отбасына арналған ақпараттық-ойын-сауық арнасы. Арнаның маңызды міндеті тілдер туралы мемлекеттік заңды орындау болып саналады. Осы бойынша мемлекеттік тілдегі қызықты және әртүрлі жоспардағы бағдарламаларды құруға ерекше назар аударады. Арна бағдарламалары кең аудиторияға есептелінген: ақпараттық аналитикалық бағдарламалар, оқиғалар мәлімет, музыкалық, авторлық бағдарламалар, сериалдар, көркем фильмдер, ойын-сауық бағдарламалар.
«Алматы» теларнасы — мегаполис тұрғындары үшін ақпараттар әлеміндегі пайдалы және қызықты шығарып салушы ғана емес, сонымен қатар алматылықтарды медиа-кеңістіктерде біріктіреді. Телеарна көмегімен күні бойы оқиғаларды қадағалауға болады, онымен қоймай туған қалаңды, Қазақстанды және әлемді.
«Жетісу» телеарнасы қызметінің мақсаты Алматы облысы тұрғындарын шұғыл, объективті ақпаратпен қамтамасыз ету, облыс әкімі қызметінің ақпараттық қолдауы, Алматы облысын Қазақстанның туристік және өнеркәсіптік-мәдени орталығы ретінде танымал ету болып табылады.
Облыстық «Қазақстан» ТРК АҚ» арнасы
Облыстық «Қазақстан» ТРК АҚ» арнасы
Облыстық »Қазақстан» ТРК АҚ» арнасы
Облыстық «Қазақстан» ТРК АҚ» арнасы
Облыстық «Қазақстан» ТРК АҚ» арнасы
Облыстық «Қазақстан «ТРК АҚ» арнасы
Облыстық Қазақстан «ТРК АҚ» арнасы
Облыстық «Қазақстан «ТРК АҚ» арнасы
Облыстық «Қазақстан «ТРК АҚ» арнасы
Облыстық Қазақстан «ТРК АҚ» арнасы
Облыстық «Қазақстан «ТРК АҚ» арнасы
Облыстық Қазақстан «ТРК АҚ» арнасы
«TALIM TV» – бұл ағартушылық ислам сипатындағы орыс және қазақ тілдерінде жүргізілетін телеарна; Қазақстандағы рухани өмірдің жаңалықтары.
«Gakku TV» — тек қана қазақстандық музыкаға арналған тұңғыш музыкалық арна. Арна эфирінен отандық эстрада жұлдыздарының бұрыңғы жұмыстарымен қатар, заманауи әртістердің ең үздік туындыларын тамашалай аласыз. «Gakku TV»— қазақ эстрадасының антологиясы!
«Қазақ радиосы» — елдің ең ірі радио хабарларын тарату желісі. Біздің Ұлттық арна тек Республикада емес, тыс жерлерде де үлкен радиотыңдаушылар аудиториясын қамтиды. Қазақ радиосының басым бағыттары – Егемен Қазақстанның демократиялық қайта құрылуының обьективті жарыққа шығуы болып табылады, экономикада, әлеуметтік салада, мәдениетте оңды дамуы.
«Астана» радиосының эфирінде радиотыңдаушылар тек музыканы және жаңалықтарды тыңдап коймай, сондай-ақ жас қазақстандықтардың мәселелерін көтеретін көкейкесті ақпараттық-танымдық бағдарламаларды тыңдайды. Радиода кең аудиторияға есептелінген музыкалық-ойын-сауық бағдарламалар шығады.
«Classic» радиосы – Қазақстанда хабар тарататын классикалық музыканың бірінші радиостанциясы. Хабар таратуын 2011 жылдың 6 маусымда 102.8 FM жиілікте бастады. РТРК «Қазақстан» АҚ құрамына кіреді. «Classic» радиосының радиохабар студиясы, бағдарламаны трансляциялау студиясы, бағдарламаның өндірісінің 3 студиясы, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының Yлкен музыкалық аспаптар залынан тікелей эфирге концерт беру жабдықтары бар.
«ORDA FM» радиосының форматы — ақпараттық-музыкалық. «ORDA FM» аудиториясы – бұл қаржы өнімдерін, несие карталарын, елдің қаржылық өміріне еліктіретін жарналық қорларды белсенді пайдаланатын адамдар. Бұл қаржы нарығының білікті қатысушылары – қаржыгерлер, банкирлер. Біздің тыңдаушылар – іскери алғыр және өз күшіне сеніммен қарайтын, өзін бағалай білетін адамдар.
«Тенгри FM» радиосы. Бір рет есті музыкамен ауырған адам онсыз енді өмір сүре алмайды. Сондықтан да, біз бүкіл әлемдік рок музыкасының энциклопедиясын жинауды шештік. Басталған іс аяғын тапты. Әлбетте, үздіктері мен қызықтылары ғана бір жерге бірікті. Демек, ең таңдаулы туынды осы жерден орнын тауып, тек сапалы дүниені жинау мақсатымызға айналды. Басқа айтарымыз жоқ. Тек Tengri FM радиосын тыңдап, әсерлі әуенге бөленіңіз.
2003 жылы елде жайдан-жай жаңа радио пайда болмай қоймай, бұрынғы музыкаға жаңа өмір салты, сондай-ақ оны тыңдаудың басқа принципті тәсілі – «Ретро FM» пайда болды. Тырналынған винил, шайналған таспалар, бобиналар мен орауыштар дыбыстың тасымалдағышы болуды тоқтатты. Оларды қазіргі заманғы «ана өмірден» деген музыкамен динамикалық радио ауыстырды. Сол күннен бері ересек адамдар жасырақ, ал жастар – ересектер сияқты болды.
«Русское Радио» — жаңа хабар тарату ұстанымын іске асырған және өзінің эфирінде тек қана орыс тіліндегі музыкалық шығармаларды пайдаланатын Ресейдің бірінші ұлттық радиостанциясы! Бұл өткен уақыттың және қазіргі күннің үздік отандық музыкасы, ең соңғы хиттар, ең қызықты және рейтингті бағдарламалар!
«LOVE RADIO» — бұл жетекші әлемдік орындаушылардан — David Guetta, Rihanna, Ke$ha, Shakira, Calvin Harris, Pitbull, Roxette, Ace Of Base, Yaki — Da, E — Type, Army Of Lovers, Дима Билан, Банд’Эрос, Юлия Савичева, Beyonce, Dan Balan, The Black Eyed Peas, Serebro, МакSим, 5ivesta family, Madonna, Винтаж, Enrique Iglesias, Christina Aguilera, Jennifer Lopez және басқалардан ең сәнді, серпінді және жағымды музыка.
«Авторадио» абыройлы және басқа радиостанцияларға ұқсамайды. Оны – тек машина мен қоғамдық көлікте ғана емес, кафе мен мейрамханаларда, супермаркеттерде, жұмыста және үйде, саяжайда және басқа да демалыс орындарда тыңдайды. Әрқашан — күндіз және түнде, «шың» сағаттарда және түскі үзілістерде тыңдайды. «Авторадиода» күн сайын көп музыка, пайдалы ақпарат және ұшқындалған әзіл.
«Жұлдыз FM» – это современная молодежная интерактивная радиостанция, которая знакомит слушателей с лучшими образцами музыки (классика, джаз, блюз, рок, диско, эстрада, поп-музыка и так далее), освещает творчество местных музыкантов и музыкальных групп. Формат –Современное Хитовое Радио (казахская эстрада). В эфире представлены лучшие песни современной казахстанской музыки на казахском языке различных стилей и направлений.
«Халық радиосы» — «Павлодар облыстық радиосы» 1938 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан шежірелі радио. «Павлодар радиосын» жас та, жасамыс та қызыға тыңдайды. Оның үнін сіз үйде де, жұмыс басында, көлікте, дәмхана мен мейрамханаларда, таңда да, кеште де тыңдай аласыз және ол тыңдармандарын ешқашан жалықтырған емес. Павлодар радиосынан ең қажетті ақпараттар, түрлі жанрдағы музыка, тікелей толқында өтетін салмақты тақырыптар мен бірге ойын – сауық, көтеріңкі көңіл – күй сыйлайтын бағдарламаларды тыңдай аласыз. Біздің тыңдарманымыз – сізсіз!
MuzLife – бұл бірегей интерактивті кеңістік, көрермендермен күнделікті жүзбе-жүз қарым-қатынас, эксклюзивті жаңалықтар мен сұхбаттар, қазақстандық және шетелдік шоу-бизнестің барлық қызықты жаңалықтарын жарыққа шығару, позитивті бейнебаяндар, сонымен қатар әр алуан жеке бағдарламалар.
ТОЙ ДУМАН –өз эфирінде телебағдарламалар мен бейнеклиптердітек қазақ тілінде жарыққа шығаратын музыкалық – сауықтық телеарна.
ТОЙ ДУМАН – бұл қазақ эстарадасындағыең танымал әрі сүйікті орындаушылардың музыкасы,шоу бизнес әлемінен эксклюзивті ақпараттар,ашық интеррактив және көрерменнің хит шерулер мен телеарнаның плей листін құрастыруға тікелей қатысуына мүмкіндік.
ТОЙ ДУМАН –бұл көңіл көтеру индустриясындағы мамандар мен бизнес-құрылымдарды алға жылжытудыңжаңа мүмкіндігі. Біз әр күн сайын, әр шаңыраққа мереке сыйлауды көздейміз. Телеарнаның мазмұны қазақстандық көрерменнің көңіл көтеру, сауықтық, думанды стильдегі музыкаға ерекше сұранысының нәтижесінде құрылған.
ТОЙ ДУМАНFacebook, VK, Youtube, Instagram әлеуметтік желілерінде бар.
Хабар тарату уақыты: 24/7
Тілі: 100 % қазақ тілінде
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақаласындағы тапсырмаға сәйкес 2013 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстандағы тұңғыш мемлекеттік спорттық телеарна «Qazsport» хабар тарата бастады.
Телеарна «QAZAQSTAN», «Balapan» және 14 аймақтық телеарналарды топтастырған «Қазақстан» РТРК» АҚ құрамына енеді.
«Qazsport» телеарнасын «OTAU TV» ұлттық жерсеріктік телерадиохабар тарату желісі мен кабелъдік жүйеде хабар тарататын операторлар арқылы көруге болады.
Телекөрсетілімдер қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Жалпы хабарлардың 20 пайызын жаңалықтар мен бағдарламалар ал, 10 пайызын деректі фильмдер құрайды.
«Qazsport» телеарнасында қазақстандық жанкүйерлер Ұлттық құрама командалар қатысатын құрлықтық және әлемдік деңгейдегі жарыстарды, ел біріншіліктерін тікелей эфирде көре алады. Телеарна тәулігіне 20 сағат хабар таратады.
«Qazsport» телеарнасының шығармашылық ұжымында өз ісінің білікті мамандары қызмет атқарады. Олардың арасында Қазақстанның ең үздік спорт журналистеріне берілетін Сейдахмет Бердіқұлов атындағы жүлденің иегерлері бар.
Atameken Business іскери арнасы Қазақстанның, ЕАЭО, ТМД және әлемнің басты жаңалықтарын көрсетеді. Телеарнаның мазмұны аналитикалық бағдарламалардан, нарықтардың дамуы мен мінез-құлқының болжамдарынан, сарапшылардың пікірлері мен сараптамалық бағалаулардан тұрады, онда студия қонақтары кәсіпкерлер, сала кәсіпорындарының бірінші басшылары, мемлекеттік органдардың өкілдері және пікір көшбасшылары сияқты сарапшылардан тұрады.
«QAZAQSTAN HD» Ұлттық телеарнасы республикалық «Қазақстан» телерадиокорпорациясы АҚ құрамына кіреді. Отандық телевизияның алғашқы қарлығашы ретінде 1958 жылы ірге көтерген телеарна алғашында 5 сағаттық хабар тарата бастаған. Техникалық әлеуеті жыл сайын ұлғайған телеарна 1987 жылы телетаратылым бойынша одақтас республикалардың арасында төртінші, көркем және деректі фильмдер өндірісі бойынша екінші орынды иеленді.
«Хабар» Агенттігі» АҚ-ның тарихы 1995 жылдан басталады. Сол кездегі Қазақ телеарнасының ақпараттық қызметі негізінде «Хабар» Ұлттық Телевизиялық Ақпараттық Агенттігі құрылады. Бүгінгі таңда «Хабар» Агенттігі» АҚ – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде хабар тарататын төрт арнаның тоғысқан орталығы. «Хабар» Агенттігі» АҚ-ның құрамына республикалық «Хабар» мен «24 kz» телеарналары, ұлттық жерсерік (спутниктік) телеарнасы – «Kazakh TV», сонымен қатар кабельдік желілерде ағартушылық бағыттағы бағдарламаларды эфирге шығаратын «Білім және Мәдениет» телеарнасы кіреді. ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті – агенттіктің басты акционері. Директорлар кеңесі 7 адамнан құралған, оның үшеуі тәуелсіз директор. Басқарма атқарушы ұйым болып табылады. Агенттік құрамына кіретін телеарналардың тәуліктік хабар тарату көлемі: «Хабар» – 20 сағат, «Kazakh TV» – 24 сағат, «24 KZ» – 24 сағат, «Бiлiм және Мәдениет» – 18 сағат. Қазақстан бойынша 99 % телекөрермендер аудиториясын қамтиды.
«Energy FM»-нің қысқаша тарихы : «Shahar» радиостанциясы алғаш рет эфирге 1997 жылы 21 мамыр күні 102,2 жиілігінде шықты. Ол кездегі музыкалық форматты New Adult Contemporary немесе SOFT бағытындағы әуен деп тануға болатын.
Сипаттамасы: «Energy FM» радиостанциясы – бұл сапалы дыбыс, қызықты жаңалықтар мен шоу-бағдарламалар және әлемдік аренадағы хит әндер топтамасы. «Energy FM»-ді ғаламтор желісі арқылы онлайн жүйеде тыңдауға мүмкіндік беретін радио болғандықтан, кез келген адамға ыңғайлы болмақ. Ал ең бастысы 102,2 жиілгі тәулік бойы жұмыс iстейдi. Сондықтан жаныңызға жақын әндерді кез келген уақытта тыңдай аласыз.
Музыкалық бағыт: pop, dance.
Радиостанция «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлдерi» заңына сәйкес 50 % қазақ тілінде хабар таратады. Біз қазақ эстрадасын көтеру үшін отандық әншілерге қолдау көрсетеміз. Ана тілінде ән шырқайтын жас таланттарды да насихаттап отырамыз. «Energy FM» эфирінде арнайы тексеруден өткен, кәсіби өңделген, заманауи қазақ әндері беріледі. Мемлекеттік тілде жүретін радиохабарлар стилі, бағыты, мазмұны жағынан еліміздегі басқа да толқындар арасында үздігі болып отыр.
Біздің мақсат: Қаражатты қалай табу сәйкесінше жұмсау керек екендігін білетін, өзін дамытып отыруды дұрыс деп санайтын орташа және жоғары деңгейдегі белсенді қала тұрғындарының қажеттілігіне жарайтын сапалы ақпарат ұсыну
Радиостанцияның міндеті: Тыңдарманның өміріне қажет ақпаратпен сусындатып отыру. Әр жарты сағат сайын соңғы жаңалықтар топтамасымен таныстыру.